Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Мен күйеуіммен айрылыспақшымын. Біз, күйеуім некемізге дейін сатып алған үйде тұрамыз. Айрылысқаннан кейін менің баламмен тұратын жерім жоқ. Мен бұл үйде 7 жыл бойы өмір сүрдім. Бұл уақыт аралығында біз үйді толық жөндеуден өткізіп, екінші қабатын салып бітірдік. Менің бұл үйге деген қандай да бір құқығым бар ма? (Гаухар)
Жауап: Иә, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 35 бабына сәйкес сіздің бұл үйдің бір бөлігіне деген құқығыңыз бар. Онда тура былай деліген: «Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және с.с.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.»
Юрист: Адина А.
|