Көпшілік жаппай тұмаумен ауырып жатқанда ол сырқатпен ауырмайтындар да бар. Бұл сырқат әлсіз, қатты күйзеліске түсетіндерді, дұрыс тамақтанбайтындарды жағалайтын сияқты. Сондықтан әр адам сырқатқа бой алдырмайтындай күшті болу керек. Ол үшін, бірінші, ағзаны дәруменмен нәрлендіретін әрі микроэлементтерге бай тағамдармен толықтыру қажет. Оның негізін көкөніс, жеміс тағамдары құрайды. Тек олар дәмдеуіштермен байытылған дүкен тағамдары емес, қолдан дайындалған үй тағамдары болу керек. Барлық шырынды тағамдар құрамында сәбіз болу керек. Сәбізге сельдерей, қызылша, асқабақ, алма, қырыққабат, кәді (кабачок) шырындарын қосқан дұрыс. Жалғасы бар...
|