Жалғасы ... Орташа есеппен жарты стақан ішу керек. Бұл шырындарды ашқарынға ішпеу керек. Ал қалған уақытта қалауыңыз бойынша іше беріңіз. Шырындардан басқа күнделікті тағамға ас қасық бал, жаңғық (фундук), көп мөлшерде жасыл көк (зелень), екінші тағамдарға, салаттарға сарымсақ, чеснок қосу керек. Тамақ құрамына шөпшайды енгізген де дұрыс (тым болмаса күніне бір стақан). Мынадай шайларды дайындауға болады: итмұрын жемістері-5 бөлік, түйежапырақ тамыры-2 бөлік, қайың жапырағы-2 бөлік, жолжелкен-1 бөлік (егер дәріханаларда жоқ болса түймедағы, календула гүлдерімен алмастыруға болады), мия тамыры-1 бөлік. Осындай мөлшерде қосып, жақсылап үгітіп араластыру керек. Осы жинақтан кешкісі 1 ас қасық демдеп, түнімен тұндырады Таңертең жылытып, 3 бөлікке бөліп, 3/1 стақаннан тамақ алдында 10 минут бұрын ішеді. Ауырған кезде шөпшаймен бірге итбүлдірген немесе мүкжидек морсын ішу керек. Лимон қосылған шай, сүт, итмұрын тұнбасы. Тәулігіне мөлшермен 2 литр сұйық ішкен дұрыс. Тұмаудың алғашқы белгісі біліне бастағанда, 2 м биіктегі алоэнің жапырағын шайнаған дұрыс. Бұл өсімдіктің дәмі ащы болғандықтан, балмен қосып шайнау керек. Егер бөлме алоэсі болмаса, дәріханалық «Тинктал» препаратымен алмастыруға болады, өйткені оның құрамы алоэ мен бас сияқты. Екінші тұмаудың алдын алу жолы-су емі. Егер үйіңізде буланатын монша болса, тіптен жақсы. Моншамен дұрыс жүргізген ем-тұмаумен күресудің оңтайлы әдісі. Егер монша жоқ болса, оның орнына әйгілі А. Залмановтың скипидар ваннасын қолдану керек. Жалғасы бар...
|