Жалғасы... Қай уақытта аяқтау керектігін әр адам өзінің жағдайына байланысты шешеді. Шамамен 18-20 минут қабылдаған дұрыс. Ванна қабылдау мөлшері-тер шыққанға дейін. Бетіңізде тер моншақтары пайда бола бастағанда, қанша уақыт өткеніне қарамай, ванна қабылдауды тоқтату керек. Ваннадан шыққан соң жылы оранып, жата қалу керек. Ваннадан кейін далаға шықпаған дұрыс. Денеде қалған ерітінді қалдықтарын келесі күні ғана жуу керек. Скипидар ваннасы өте мұқият болуды талап етеді. Ол тек уақытты жіті бақылау емес, сонымен бірге дұрыс мөлшерлегенді де қажет етеді. Егер бір қасық ерітіндіге тер шықпаса, күніне жарты қасықтан қосып, 8 қасыққа дейін жеткізуге болады. Тиісті мөлшеріңіз белгілі болған соң, бұл ваннаны күнара, аптасына 2 рет қабылдаған дұрыс. Егер суық тигенде немесе тұмауға қатысты ванна қабылдасаңыз, онда аптасына 3 рет қабылдаған дұрыс. Қандай жағдайда пайдалансаңыз да, 250 мл ерітінді бір емдеу курсына жеткілікті. Асқорыту жолдары ауыратын сырқаттарға чеснок қолдануға болмайды. Қалтырау, теру ауруларына скипидар жақсайды. Жүкті әйелдерге мұндай ванна мүлде болмайды. Инфаркт, инсультпен ауырған науқастарға жарты жыл өтпейінше мұндай ваннаны қабылдауға тыйым салынады. Қазіргі уақытта булану, скипидар ваннасынан басқа тиімді әсер ететін-ингаляция қолданылады. Қазір ингаляция үшін әдіс-тәсілдер пайдаланылады. Ал ауруханаларда мынадай қарапайым әдіс қолданылады: баяу отта қайнап тұрған 1 литр суға 1 ас қасық сода қосады. Ол шырышты қабатты құрғатып жіберетіндіктен, сонда мөлшерде өсімдік майын қосады. Баяу отта тұрған кастрөлдедегі су буымен немесе оттан түсірілген қайнаған су буымен 5-10 минут демалу керек. Егер суға өгейшөп (мать и мачеха), календула, түймедақ, шалфей, алтей тамыры шөптерін қосса, ем әсерлі болады. Шөптерді алдын ала дайындалған тұнба есебінде қолдануға болады. 1 стақан аталған шөптер қоспасына 1 стақан қайнаған су құйып, 2-8 сағат тұндырады. Сонымен бірге дайын эвкалипт немесе пихта сияқты эфир майларын қолдануға болады. Мөлшері: 1 литр суға 2-3 тамшы май. Жалғасы бар...
|