|
Жалғасы... Ингаляциядан кейін балмен сору
жақсы. Егер науқасқа басқа адам жасаса тіптен жақсы. 1 ас қасық балды алақанға
жағып, науқастың кеудесін, сонан соң арқасын секундысына 2 рет шапалақтап соғу
керек. Науқастың айғайлағанына да қарамай, қолда кір пайда болғанға дейін соғу
керек. Қолдағы кір-ағзадан шыққан қалдықтар. Бұл кірді жумай, кеудені не арқаны
сулы орамалмен сүртіп, науқасты төсекке жатқызады. Оған суық сүтке 1 ас қасық
шалфей қосып, сүтті қайнауға жеткенше ысытып, сүзіп ішкізеді. Келесі күні
шалфейдің орнына 1 ас қасық бал немесе таңқурай қосып береді.
Әдетте дәрігерлер тұмаудан жазылуды 1 аптаға мөлшерлейді. Ал осы айтылған
ем бойынша науқастың жалпы жағдайына (иммунитетіне) қарай 2-3 күнде тәуір
болуға болады.
Егер адам тұмауды жүре емдесе немесе дер кезінде емдемесе, оны асқындырып,
ұзақ емделуі мүмкін.
Алда қыс айлары күтіп тұр. Оның қысымына тап болмас үшін оны бастан сақтық
шараларын қолға алған дұрыс. Қыстың басы өте қолайсыз мезгіл болғандықтан, созылмалы
ауруы бар науқастар үшін алдын алу шараларын шұғыл жүргізуді қажет етеді. Тура
осы тұста атмосфералық қысымның күрт өзгеруі, магнитті күндер адамға ерекше
әсер ететіні белгілі.
Міне не себепті тіпті денсаулығы мықты деген адамдардың өзі бас ауруына,
бойларынан әлсіздік сезініп тұрғандарына шағымданады. Әсіресе жүрек қан
тамырларымен ауыратын науқастар көп шағымданады. Әлбетте ауа райының
атмосфералық күрт өзгеруіне байланысты инфаркт, инсульт, қан қысымымен ауыратын
адамдар көп азап шегеді.
Міне осындай сырқат мазалайтын науқастарға төмендегі шөп жинақтарын және
емдік әдістерді ұсынамын: қою қанды, яғни қанның қоюлануын туғызбас үшін, гемалитикалық
әсері бар шөптерді аламыз.
Жалғасы бар...
|