Воскресенье, 07.12.2025, 08:00
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 23
Гостей: 23
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Сентябрь » 23 » Сара Тастанбекқызы (1878-1916) Қош бол, елім!
Сара Тастанбекқызы (1878-1916) Қош бол, елім!
10:47
Жүргенде бір шапандық олжа сынды,
Ел-жұртым көрген еді көз жасымды.
Қанды көз қарақұстың тырнағынан,
Босатып зорға алып ем өз басымды.

Сонда бір қызыл гүлім сарғайып ең,
Жаралы жүрегімнен зар жайып ем.
Бұтаға қорғалаған бозторғайдай,
Халқымнан көмек тілеп қол жайып ем.

Ел-жұртым тілегіме құлақ салып,
Шығып ед жаным күйген өрттен алып.
Қайықтай дауыл қуған қалтылдасам,
Сен едің пана болған, қалың халық.

Мен риза, риза шығар жұрт та маған,
Сезе ме тұщы-ащыны ұрттамаған.
Ақ жүзім күзгі гүлдей солғын тартты,
Күн қаққан шүберектей жұртта қалған.

Ел едік Үйсін-Найман аулы аралас,
Қосылған төскейде мал, төсекте бас.
Көптен-ақ өздеріңе мәлім еді,
Көзімнен жас аққаны қан аралас.

Жалайыр жалпақ жуас берекелі,
Жасымнан мәлім еді ел мекені.
Арықтап, аңсай іздеп келгенімде,
Ортаңнан қызық көрдім мерекелі.

Бір кезде сайраушы еді тілім бұлбұл,
Жүйткіген желдей есіп ойым дүлдүл.
Қанаты қиялымның қайрылса да,
Баяғы қалпында тұр көңіл құрғыр.

Сәлемде Жалайырдың қариясына,
Жасы үлкен, ақылдың кен-дариясына.
Кім білсін, көрер қанша жарығым бар,
Әйтеуір, жеттім тірі елге асыға.

Ортаңда көп күн болдым Балғалы, Андас,
Рахымың, құрметіңе иемін бас.
Дертіме шипа іздеп келіп едім,
Жегі құрт жей берген соң жаныма қас.

Балпық пен Ескелдідей кемеңгер де,
Айтуға сөзге жүйрік тереңдер де,
Ақылмен хан төрені бағындырған
Қадірлі  Қарынбайдай зереңдер де.
Дарынды дарабозбай бәйбіше өткен,
Ақылы асып туған ерлерден де.
Дұшпанның он екіде шебін бұзған,
Атақты Тәттібайдай мергендер де,
Солардай ұлдар менен қыз туғызған.
Кім алғыс айтпас сіздей өнерлі елге!

Сәлем де Мәулімбайдай ақыныңа,
Жас түлек Ақшабектей батырыңа.
Еліне он екі ата Жалайырдың,
Жұрт сүйген ел басшысы-ата ұлына.

Қырымпоз жігіт екен Қыдыралы,
Көбірек қызды ауылды қыдырады.
Түбінде үлкен ақын болар деймін,
Көрінед басылмаған қызуы әлі.
Жалғасы бар..
Иллюстрация ardaktylar.kz
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 2538 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz