13.Әр нәрсе сыңарында өзінен мықтыға жолығады. 14.Адасқанды артындағы біледі, Жаңылғанды жанындағы біледі. 15.Аттан жығылғанды бөрі аңдиды. 16.Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ. 17.Тасын ала берсең, тау да таусылады, Тамшысын ала берсең, көл де таусылады. 18.Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды, Байлауды керек етпесең, жара жазылмайды. 19.Кіжінері бар да, килігері жоқ, Түнерері бар да, жауары жоқ. 20.Еріншек егіншіден ерінбеген масақшы озады. 21.Ортаның малын олжа көрме, ол-халықтың дәулеті. Оны шашқанды мырза көрме, ол-халықтың нәубеті. 22.Көрмеген көлде естілмеген қаздың дауысы бар. 23.Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек. Жігітте де жігіт бер, азаматы бір бөлек. 24.Жақсы жатырқамайды, Жалқау жарытпайды. Әңгі тыңдамайды, Аңқау аңдамайды. 25.Сіз деген-әдеп, Біз деген-күмән. 26.Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ. Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ. 27.Балаға айтқан сыр-байланбаған бұзау.
|