«Қанағат амандықтың қадірін біл...»
Өнершек жігітлікте жүрме бекер,Бір кеңес жұрт тыңдарлық айтсаң нетер,Үлгілі жақсы сөзден тағлым берсең,Халыққа төрт-бес дуан атың кетер.Ат аспанда, нұр пейіште деген сөз бар,Құдайым жақсы десе ұжмақ нетер,Қанағат амандықтың қадірін біл,Жастық өтіп, кәрілік бір күн жетер.Жастықтың қызығы бар күнінде жас,Өнер беріп әр жерге айласаң паш,Алдына бір жаманның іс боп барсаң,Парқы жоқ көңілінде аяқ пен бас.Білімсіз уылжыған жас не керек,Болмаса ат аталған қайыру нас,Шоңқайма етік, түлкі тымақ киген жастар,Не керек жаман болса есірік мас.Ағаның атын күтіп қызмет етпей,Насыбай атса ерніне былыққан нас,Өзі жаман жақсыны көре алмайды,Сыртынан ғайбат айтып атады тас.Мұндай жанның әдеті осы деп біл,Өзіне дос таба алмай жинайды қас,Немере бірге туған жамағайынБұл жанды жақыным деп айтып болмас.
|