Қоғалы көлдер, қом сулар,Кімдерге қоныс болмаған,Саздауға біткен қара ағаш,Кімдерге сайғақ болмаған.Жағына жалаң жібек байлағанАрулар кімнен қалмаған.Жағы түкті жылқы айуанИесін қайда жаяу салмаған.Жалп-жалп еткен жапалақЖазыда кімге жолдас болмаған.Сар шыпшықтай шырлатыпҒазырейіл кімдерге құрық салмаған,Сақалына сары шіркей ұялап,Миығына қара шыбын балалап,Жазыда мал іздеген қазақтыңБасы қайда қалмаған.Күлелік те ойналық,Киелік те ішелік,Мынау жалған дүниеКімдерден кейін қалмаған!!!***
Жел, жел есер, жел есер,Жел астына қарасам,Қоға менен тал өсер.Ораздының ұлы өсер,Жиырлының қызы өсер,Кенелейін деген жігіттіңЖылқы ішінде екі арғымағы тел өсер,Сүйенейін деген жігіттіңСүбеде алтау-жетеу ағайыны тең өсер! *** Жауынды күні көп жүрме,Жар жағасы тайғақ-ты.Жаманға жақыным деп сөз айтпа,Күндердің күні болғандаСол жаман өз басыңа айғақ-ты!Асау тулап жықпасқаАртқы айылдың беркі игі,Жағаға дұспан қолы тимескеАртыңда туысқанның көбі игі,Күндердің күні болғандаҚырға шықпас жаманныңБарынан да жоғы игі!
|