Бұл кеңестердің түсініксіз тұстарын, ылғи еске салатынымыздай, дәрігеріңізден сұрайсыз. Шаштың түсуін тоқтатуға қайың жапырағының қайнатпасы өте пайдалы. Ол үшін қайыңның 15-20 жапырағын алып, 2 литр суға салып қайнатады. Қайнаған соң жапырақтарды сүзіп алып, басты қайнатпамен аптасына екі рет жуады. Сондай-ақ қалақай (крапива) тұндырмасы да шаштың түспеуіне жақсы әсер етеді. Тұндырма дайындау үшін 1 ас қасық ұнтақталған қалақай жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, жарты сағат бетін жауып қояды. Кейін жуылған бастың терісін осы қалақай тұндырмасымен сүртеді.
|