Сырым бір үйге қонса, бір келіншек шай құйып отырады. Келіншектің өзі жас, күйеуі шал адам екен. Сырым отырып өз жолдасына қарап: -Япырай, аққудың қасында жапалақ жараспайды екен-ау!-дейді. Сонда келіншек түсіне қойып: -Батыр, сіз бір кезде тай жейтін Сырым едіңіз, енді қой жейтін Сырым болдыңыз, әр нәрсе өз уақытысында емес пе?!-депті.
Сырым шөлдеп келе жатып, бір үйден түсіп сусын ішіпті. -Япырай, бір аяқ сусын бір кісінің құны екен ғой!-депті Сырым маңдайының терін сүртіп. -Жоқ батыр, бір аяқ сусын бір емес, екі кісінің құны. Бұл сусын табылмаса шөлдеп сіз де өлер едіңіз, ұялып мен де өлер едім,-депті үй иесі.
|