-Тұмау адамға көбіне автобуста жұғады екен. Көлік ішінде тұмауратқан адам түшкірсе немесе жөтелсе, содан кем дегенде 15-18 адам вирус жұқтырып алады. Үйде немесе кеңседе ол екі-үш адамға ғана жұғады. Олай болса көлік ішінде өзгелердің Сізге тым жақын жанасуына жол бермеңіз. Жөтелген, түшкірген адамнан алшақ тұрыңыз, ондай жанның жанында мұрныңызды беторамалмен баса тыныс алу да ұят емес. -Беторамалыңызды әр жеріне иіссу тамызып қойыңыз. Оның орнына лаванда, жалбыз, самырсын майын жағуға да болады. Ол микробтарды өлтіру арқылы тұмау вирусының жұғу қаупін 45 пайызға дейін азайтады. -Таңертең жұмысқа шыққанда аузыңызға бір түйір аңдыз тамырын, болмаса лимон немесе апельсин салып жүріңіз. Ол да мұрын мен тамақ қуысына тұмау микробының түсуінен сақтайды. -Көлікте жүргенде, жұмыста, жалпы, қандай жағдайда да қолды жумай тұрып көзді, мұрынды, ауызды ұстамаңыз. Қолға жұққан кезде көрінбес микробтар осы сәтті күтіп тұрғаны есіңізде болсын. Қаламсап, дәптерде де, есік тұтқасы, көлік арқалығында да вирус жүретіндіктен баланы да осыған әдеттендіріңіз. -Үйге келген соң ауызды міндетті түрде қырмызы гүлінің тұнбасымен, ара желімімен (прополис) шайыңыз. -Жұмыста, үйде, көлікте, дүкенде суықтаған, тұмауратқан адамнан алыстау тұрыңыз, онымен қысқа ғана тілдесіңіз. Ондай жанмен қол алып амандассаңыз, қолыңыздың сулы беторамалмен (влажные салфетки) сүрткен жөн. -Кешкісін тамаққа сарымсақтың бір бөлігін жеген жөн. Ол иммунитетті көтеруге, суықты қууға, ішке еніп үлгерген микробтарды өлтіруге көмектеседі.
|