Ауа райының салқындай бастауымен бірге жыл сайын тұмау және басқа да респираторлық вирусты жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық өршу кезеңі басталады. Тұмау жалпы интоксикация (қалтырау, бас ауру, бұлшықет ауруы) және респираторлық жолдардың қабынуымен жүретін вирусты инфекциялық ауру. Бірақ көпшілігіміз оған жеңіл қараймыз. Тұмаудың клиникалық белгілері: дене қызуының 39-40 градусқа дейін көтерілуі, әлсіздік, мазасыздық, бас ауру, мұрыннан сероздық бөлінудің ағуы, дененің дел-сал күйге түсуі. Естен тану, көзге елес көрініп (галюцинация) және сандырақтау жиі болады. Көбінесе екі күннен кейін мұрынның бітуі (насморк) жөтелген кезде тамақтың қырналып ауруы басталады. Егер температура түспей, тоқтаусыз жөтеле берсеңіз, дене ылғалдығы жасыл-сұр түске айналса, бұл тұмаудың қабынған түрі-пневмания. Мұндай белгілердің пайда болуына жеңіл қарауға болмайды. Тұмаудың кең таралуын және оның асқынуының алдын алу үшін ең алдымен алғашқы клиникалық көріністер байқалған адамдарды үйде оқшаулау, асқынған түрімен ауыратын науқастарды жедел түрде тексеріп, ауруханаға жатқызу керек. Тұмаудың сақтанудың ең тиімді жолы алдын-ала дәрі егу екенін ұмытпаңыздар. Сонымен қатар иммунитетті күшейтетін пияз, сарымсақ, қызыл бұрыш, С дәруменіне бай капуста, лимон, апельсин, итмұрындарды да көбірек пайдаланған жөн.
|