Бір үйде төр алдында қонақ жігіт отырады. Есіктен екі-үш ақсақалды кісі кіріп келіп, төрге шығады. Қонақ жігіт ығысып төмен жылжып отырады. Сәлден кейін тағы да екі үш адам кіріп келеді. -Төрлет, төрлет,-деді үй иесі. Соңғы келген қонақтар да төрге шығып, бұрынғы қонақты есік жаққа қарай ығыстыра береді. Тағы да біреулер келеді. Ақырында қонақ жігіт ысырыла-ысырыла босағадан бір-ақ шығады. Осы кезде ала мойын көк күшік есіктен басын қалтитып қарап тұр екен. Қонақ жігіт оны мойнынан ұстап алып: -Төрлет, төрлет, күшігім,-деп төрге қарай сүйрейді. Сонда үй иесі басты қонақтың есіктің алдына шығып қалғанын байқап, кешірім сұрап, төрге отырғызыпты.
|