Малды бақсаң, қойды бақ, Май кетпейді шарадан; Ит асырасаң сырттаннан, Қой бермейді қорадан.
Ала қойды бөле қырыққан, Жүнге жарымайды.
Семіздікті қой көтерер.
Арық қой тырысқақ, Аш адам ұрысқақ.
Қасқырдың ойлағаны-арамдық, Қойдың ойлағаны-амандық.
Қой егіз тапса, Шөптің басы айыр туады.
Арық малды асырасаң Аузы-мұрныңды май етер. Жаман адамды асырасаң Аузы-мұрныңды қан етер.
Қой мыңға жетсе, Керегенің басынан бас кетпейді.
Қой семізі-қойшыдан.
Қой-өлсе-қозы болады, Келер жылы өзі болады.
Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-көсір.
Қой шөлді болмай, Төлді болмайды.
Есі кеткен ешкі жыяр, Ешкіменен есін жыя
Айдағаның бес ешкі, Ысқырығың жер жарады.
Ешкі жейді ебелек, Ешкіні жейді кебенек.
|