Нұралыны шаппақ болғанда ағайыны бөгет жасай беріпті, сонда Сырым: «Табалдырықтан биік тау жоқ, жаман ағайыннан мықты жау жоқ»,-деген екен.Отын олжа, су нұрлық
Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып: -Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіп еді?!-дейді.-Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық,-деп жөніне жүре береді.
|