1.Тамақты әрдайым «бисмилләһ» деп айтып бастау керек. Бұл әдетті қасындағылардың естеріне түсіру үшін дауыстап айтуға да болады. Ал тамақтанып болған соң «әлхамдулилләһ» деген жөн. 2.Тамақтан бұрын және соңында қолдарды жуу керек. Тамақтан бұрын қол жуғанда алдымен жастар, тамақтан кейін алдымен үлкендер бастап жуады. 3.Қолмен желінетін тамақты үш саусақпен жеген дұрыс. 4.Піскен етті пышақпен турамау керек. 5.Шақырмастан бұрын дастарханға отыруға болмайды. 6. «Тамақтан алыңыз!» деген сөзді үштен көп айтуға болмайды. Ол қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырады. 7.Тамақта қорқынышты және жиіркенішті нәрселер, өлім, ауру, жаһаннам туралы айтпау керек. 8.Стақан, кесенің сынық жерінен және сабы жағымен су ішуге болмайды. Сондай-ақ суды іші көрінбейтін шәйнек, құмыра, құман секілді ыдыстардың аузынан ішпеу керек. 9.Тоймастан бұрын дастарханнан тұру, қарын ашпастан және дастарханнан тыс жерлерде тамақ жеу дұрыс емес. Су немесе шай ішкенде бір бөлігін немесе тамақ жеген кезде түбінде қалдық қалдыру мұсылманның үлкен қателігі. 10.Тамақты алдымен үлкендер бастауы керек. 11.Тамақтанып отырғанда қуанышты нәрсе айтып отыру керек. Бұл кезде үнсіз отыру, сөйлемеу отқа табынатындардың әдеті. 12.Нанның ішін жеп, сыртын тастау, піскен жерін жеп, қалған жерін тастау-ысырап. 13.Үй иесінің қонаққа нан ұсынуы және қолына су құюы жақсы болады. Қазір кран болғандықтан қонақтан қолына су құюдың қажеті жоқ. Қолын сүртуі үшін сүлгі ұстап тұрса болады. Тамақтың өте ыстық кезінде жеудің зиянды жағы: 1.Құлағы керең болуға себеп болады. 2.Жүзі сарғаяды. 3.Көздерінде нұр болмайды. 4.Тістері сарғаяды. 5.Аузының ләззаты болмайды. 6.Қарны тоймайды. 7.Түсінігі азаяды. 8.Ақылы аз болады. 9.Ауруға себеп болады. Әрбір мұсылман баласы тамақтанудың осындай шартты ережелерін біліп қана қоймай, өмірде оны дұрыс қолдануға тиіс. «Islamdini» сайтындағы бұл кеңестер Сіздің де жадыңызда жүрсін («Керек кеңестер №20 2011жыл»)
|