Досбол Қарауыл Ордабайды ертіп Екі Шектіге дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілдік қып күле беріпті. Сонда Досболдың Ордабайға айтқаны:
Көлде жүрген қоңыр қаз Шөл қадірін не білсін. Шөлде жүрген дуадақ Көл қадірін не білсін. Таудай жүріп, таста өскен, Ағайыннан басқа өскен Ордабай күлмей, кім күлсін!
Жылқының сүті шекер, еті бал
Ертеде Ташкент ұлығы Нарымбет: «Жылқыға қандай мақтау сияды?»-деп Досболдан сұрапты. Сонда Досбол: «Жылқының сүті шекер, еті бал, иісі жұпар, терісі киім, мінсең тұлпар, қызылжара сарқарынның ішінде піскен сүт бар, жаратқанның ісіне таң қалыңдар!»-депті.