Салауатты өмір сүргісі келген жандар әрдайым тазалық сақтайды. Қыстыгүні терезе әйнегіне адамның қиялын тербеп әрі бөлменің ішін ұядай етіп көрсетіп тұратын қырау қатады. Бірақ ол қыста онсыз да аз күн сәулесін түсірмейді, оның үстіне еріп, жақтауды, еденді біртіндеп шірітуі мүмкін. Терезеге қырау тұрмас үшін қос терезе арасына ертеден ылғал сіңіретін мақта не ағаш үгіндісін салатын болған. Ылғалды жақсы сіңіргіштердің қатарында құрғақ ас тұзын және одан гөрі хлорды кальцийді айтуға болады. Ал терезеңіз қазіргідей бұрандалап бекітілген екі жақтаудан тұратын болса, ілгерідегі әдістердің ешқайсысы келмейді. Мұның айырықша амалы жақтаулар арасындағы кеңістікке... сыртқы суық ауа кептелетіндей жағдай жасау. Бұл үшін сыртқы жақтауды бірнеше тұсынан жіңішке бұғымен тесу керек болады. Сырттан келген суық әрі құрғақ ауа бөлменің ылғалды, жылы ауасы кіре алмайтындай қысым жасап кептеледі. Сонда терезеге қырау да тұрмайды, әрі қос жақтаудың жылу өткізбейтін қабілетіне ешқандай нұқсан келтірмейді.
|