Туған жердің күні де ыстық. Түні де ыстық.
Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар. Ер үйірін сағынса, Айыл-тұрман тағынар.
Әркімнің өз жері-Мысыр шаһары.
Тұғырына саңғыған Сұңқар оңбас. Үйірінен қаңғыған Тұлпар оңбас.
Ел іші-алтын бесік.
Өз елімнің басы болмасам да, Сайының тасы болайын.
Елінен безген ер оңбас, Көлінен безген қаз оңбас.
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
Отан-оттан да ыстық.
Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
|