Әй, достарым
Әй, достарым, жігіттерім,Болмасқа болушы болма!Қолыңнан келсе қыл қайыр,Кісіден алушы болма.Жақсының жүзі жәндетті (ажарлы),Бір көруің ғанибет-ті.Жаманның ісі міндет-ті.Зар берсе (жалынса да) алушы болма!Жоғары қарап оқ атпа,Өзіңнің түсер қасыңа.Ақылсыз жанды досым деп,Басыңды қосып сыр айтпа.Күндердің күні болғанда,Ол жаман айғақ болар басыңа.Бар күшіңді сынаспай,Балуандарменен күреспе.Таң боларсың әлемге,Сөз боларсың көлемге.Ақылсыз достан-ақылды дұшпан артық.Дұшпаныңнан бір сақтан,Сырты майда, іші қан.Ел ішінде жар-жора,Достарыңнан бір сақтанғанда, мың сақтан.
|