Жер тамырынан Ел тамыры көп.
Жаманға басшы болғанша, Жақсыға қосшы бол.
Атаға баланың алалығы жоқ.
Келелі сөзді келін де айтады.
Астыңдағы атың жақсы болса, Алыстағыны жақындай көр.
Балам деп көп мақтанба, Бара алмай топқа жатқанда.
Қоныс таңдағанша, Өріс танда.
Ауылың тыныш болса, аманмын де.
Адам аласынан Сөз аласы жаман. Оттың шаласынан Сөз шаласы жаман.
Ақылды мың пәледен құтылар, Ақылсыз бір пәлеге тұтылар.
Ауыр істен қорықпа, Ауыр сөзден қорық.
Суды көп кешсе-шалшық, Сөзді көп сөйлесе-тантық.
Ел ақылсыз болмас, Көл аққусыз болмас.
|