Қыс күндері беттің терісіне суық ауа әсер етеді, сондықтан, егер құрғақ тері болса, майы аздықтан қызыл таңбалар пайда болып, кейде тіпті жарылып, түрпіленіп кететін кездері жиі болады. Мұндай кездерде күн сайын кешке қарай үйде тұрған суға глицерин (бір стақан суға бір ас қасық) қосып бетті жуу керек. Сабынның орнына миндаль үгіндісін пайдалану керек. Бір ас қасық үгіндіні аз ғана ыстық суға салып әбден қойылғанша араластыру қажет. Сонан соң суытады да бетке жағады, 5-8 минуттан кейін ыстық сумен жуып тастайды. Өте құрғақ бетті өсімдік майымен немесе айранмен майлап, қайнатылған сумен жуып тастайды.
|