Геронтолог ғалымдар 20 ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 60-жылдардың басында туылған әрбір тоғызыншы адам 90 жас, ал әрбір 26-ы кісі жүз жасайды деген пікірде. Ұзақ өмір сүрудің маңызды факторы-дұрыс тамақтану. Майсыз, дәрумендерге бай тағамды пайдалану-жүрек-қан-тамыр сырқаттарының алдын алады, сәйкесінше ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді. Жеміс-жидектер рак ауруларына шалдығу мүмкіндігін азайтады. Ең керегі қарапайым адами қарым-қатынас. Психологиялық жалғыздық пен өзін керексіз сезінуі, адам ағзасын тоздыратыны сондай, ешқандай жаттығулар сырқаттардан сақтай алмайды екен.
|