Калифорния Университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулерге қарағанда, адам қанының құрамында кездесетін рак жасушаларының қозып, көбеюіне аз ғана жарақат себепші болады екен. Тәжірибе барысы көрсеткендей, денеге жарақат түскен жерде қатерлі дертке бастайтын жасушалар жиналып, нәтижесінде ісік пайда болады. Ғалымдардың пікірінше, қимылсыз тұрған жасушалардың алапат қозғалысқа түсуіне де осы дененің тілінген тұсы себепші екен. Денеге тиген қатты соққының салдарынан көгеріп, қанталайтыны бар. Міне, осылардың соңы да рак жасушасының көбеюіне апарып соғатын көрінеді. Осындай зерттеулердің көрсеткішіне қарап, күйеуі қол көтеретін әйелдердің келешекте қатерлі дертке шалдығуы әбден мүмкін деген қорытындыға келеді мамандар. Сондай-ақ олар күшпен тәрбиелеуші ата-аналар да перзентінің денсаулығын естен шығармағаны жөн дейді.
|