Ақ мамық төсекте көп жата бермеңіз. Жүз жасаған адамдардың көпшілігі өмір бойы ерте тұрған. Тамақты көп жемеңіз. Семіздік өміріңізді қысқартады.Болашаққа сеніммен қараңыз. Зейнеркерлікке шыққаныңызда белсенділік танытыңыз.Дәріні мүмкіндігінше аз қабылдаңыз. Денсаулығыңызды көп ойлай бермеңіз.Шылым шекпеңіз. Шылым шеккендерден өзіңізді аулақ ұстаңыз. Өз хоббиіңіз болсын. Сұйықты, әсіресе, суды көп ішпеңіз.Өмірдік рахатына бөленіңіз. Нашар көңіл-күйіңізді дене еңбегімен жеңіңіз. Кофе ішпеңіз, шай ішіңіз. Шаршағанды басу үшін жарты сағат ванна қабылдаңыз.Күнде бір уақытта жатып ұйықтамаңыз. Түннің ортасына дейін кино көріңіз, қонаққа барыңыз, өздеріңіз қонақ күтіңіздер. Бірақ, спирттік ішімдіктер ішпеңіз.Денені шынықтырыңыз, баяу жүгіріңіз, шомылыңыз, велосипед тебіңіз.Электр қуатын үнемдемеңіз. Үйіңізде 150 ватты лампочка жанып тұрсын, ол сіздің өміріңізді де жарық етеді.Жақсы, жайдары, ақкөңілді достарыңыз көп болсын.Олар стресске қарсы таптырмайтын ем. Егер кімде-кім бұған сенбесе өзі білсін.Толғанай, Ақтөбеден. («Шипа», №4 ақпан , 2011ж)
|