Бір күні Қаражігіт би Қазыбектің үйіне келіп қонады. Әңгімелесіп отырғанда Қазыбек: -Уа балам, атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады деп еді, атадан жаман ұл туса, көштің соңы болады деп еді. Соның қайсысы боласың?-дейді. Сонда Қаражігіт: -Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады деп еді, шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады деп еді. Сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз?-депті. -Еншалла, қазынамыз ғой,-дей беріпті сонда Қазыбек. -Еншалла, біз елдің туымыз,-депті Қаражігіт.
|