"Жан қысылса, тал қармайды"деген бар ғой. Сақтанып жүргенге не жетсін? Қалың түннің ортасында үйде жоқ дәрі-дәрмекті таба алмай, шарқ ұратын жағдайлар да болады. Сондай кезде бірталай адамдар басқадай амалдармен емделуге тырысады. Мұның, әрине, алуан түрлі амалдары көп. Алайда әрбір отбасында ең қажет деген дәрі-дәрмек пен құралдардың болғаны артық емес.Тәжірибелі кісілер үйдегі дәріхана бұрышында қандай дәрі-дәрмек болуы керек екенін жақсы біледі, ал жас отбастарының мұны жадында ұстағаны жақсы. Және керек-жарақтың бәрін бірден жинап аламын демей, біртіндеп толықтыруға да болады.Сонымен, күнделікті өмірде ең жиі кездесетін кінәрат не десек, ол, әрине суық тию. Мұндайда ең алдымен үйде адамның ыстығын өлшегіш, қыша қағаздары, дәрі-дәрмектен аспирин, аскорбин қышқылы, парацетамол керек. Бірақ ыстық көтерілсе алдымен дәрігерге көрінген дұрыс. Балалардың құлап-жығылып жарақаттануы, ас үйде қолды кесіп алу секілді жағдайлар болмай тұрмайды. Йод, жасылдәрі, марганец қышқыл калий алып қою керек, таза мақта мен дәке тұрғаны дұрыс. Есеңгіреп қалғандай жағдайда пайдаланатын мүсәтір спирті қажет болады. Шұғыл жәрдем құралдары дегенде валидол, нитроглицерин айтылады. Өзіңіздің денсаулығыңыз жақсы болғанымен, үйіңізге келген қартаң адамдардың жүрегі қысылып қалуы секілді жағдайлар болуы мүмкін ғой. Бұдан әрі біртіндер іш босататын құты, жылытқыш, мұз басатын құрал секілдерді алып қоюға болады. Осындай амал-қарекет жасайтын болсаңыз, қажет болып қалғандай уақыттарда көршілерден сұрап жүгірінді болмайсыз.
|