Воскресенье, 07.12.2025, 08:00
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 23
Гостей: 23
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Август » 12 » Жарапазан
Жарапазан
10:22
Жарапазан (Жарамазан)-ораза айында айтылатын тұрмыс-салт жыры. Ол кешкі ауызашардан, таңғы сәріге дейінгі аралықта айтылады.
Жарапазан айтушылар екі-екіден немесе одан да көп болып топтасады. Ересек адамдардан бала-шағаларға дейін орталарына дауысы зор, жөн-жосықты білетін жарапазаншыны алып, үй-үйді аралап өлеңдетеді. Өлеңде көбінесе «Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан, оразаң қабыл болсын ұстаған жан», «Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан, бір келген он екі айда рамазан» деген тіркестер қайырма ретінде кезектесіп, қайталанып отырады.
Бұл күнде осы дәстүрдің ырғағы түгілі жұрнағы да қалмай барады. Бұрын ше? Бұрындары жарапазан оразаның көркі болатын. Бір ниет, бір мақсатпен жиылған жұрт қасиетті рамазан айын тек бір ауыз бекіту ғана емес, Аллаға мадақ, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауат айтумен өткізетін. Ауыл үйдің арасы ғана емес, қоңсы қонған көрші ауылға да кейде атпен, кейде жаяу желіп барып, желіп қайтатынбыз. Ел жалықпай тыңдайтын, біз жалықпай айтатынбыз. Жұрт бар дүниесін табағымен алып шығатын. Періште көңілімізбен бата беріп, үлкенімізден кішімізге дейін табақтағы нәрселерді тең бөлісіп алатынбыз.
Әттең, жақсы дәстүрдің бұл күнде жойылып бара жатқаны қынжылтады. Бірен-саран айтылыр жүргенін де көріп қаламыз. Олар жарапазанды наурыз кезінде, болмаса басқа мерекелерде театрландырылған көрініс ретінде сахналайды. Бұл-кейбір ұжымдардың білместік әрекеті. Рас,жарапазан-театр. Тіпті халықтық педагогика деуге болады. Бірақ ол тек рамазан айында айтылғаны үшін ғана «Жарапазан» немесе «Жарамазан» деп айтылады.


Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан ...

Ассалаумағалейкум, сәлем бердік,
Айына оразаның аман келдік.
Айтшы деп жарапазан сөге көрме,
Пайғамбар жолын қуған адам едік.

Мұхаммед  үмбеті айтқан жарапазан,
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Айтушылар оразада жарапазан,
Мекке мен Мәдинеден шығар азан.
Мәңгілік сияпатқа бөленесің,
Ораза намазын күтіп барсаң.

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,
Біл келген он екі айда рамазан.

Айтайын жарапазан есігіңе,
Ұл берсін қошқардайын бесігіңе.
Ұл берсе қошқардайын бесігіңе,
Таусылмас байлық берсін несібіңе.

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,
Бір келген он екі айда рамазан.

Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,
Намаз бен оразаңыз үлкен жұмыс.
Намаз бен оразаны күтіп барсаң,
Меккеден жеміс жейсің уыс-уыс.

Мұхаммед  үмбеті айтқан жарапазан,
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Ораза он екі айда бірақ келген,
Күте ме, күтпей ме деп сынап келген.
Алланың анық жолын қуған құлға,
Балам деп бір ай қонақ сұрап келген.


Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,
Бір келген он екі айда рамазан.

Біреуі бес намаздың-таң намазы,
Қайнайды күндіз-түні бай қазаны.
Ораза, намазыңды күтіп барсаң,
Алдыңда жайылулы жайнамазың...

Мұхаммед  үмбеті айтқан жарапазан,
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Артында мына үйдің сырық жатыр,
Жеңешем сырық бойлы тұрып жатыр.
Байлайтын барша орамал белімізге,
Ішіне кұрт-ірімшік түйіп жатыр.

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,
Бір келген он екі айда рамазан.

Мінгені пайғамбардың сары атан-ды,
Әр үйде былай тұрсақ таң атады.
Бұл үйдің ұлы қайда, қызы қайда?
Кемпір-шал ерінген соң көп жатады.

Мұхаммед  үмбеті айтқан жарапазан,
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

(«Абыз» № 8 тамыз 2011 ж
)
Категория: Ораза қабыл болсын! | Просмотров: 2201 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Август 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz