Едіге батыр, әрі би жөнінде аңыз-жырлар мол. Соның бірінде оның жастайынан мысы басым болғаны мегзеледі.Бірде Тоқтамыс ханның зайыбы "Осы қасыңызда жүрген жалшы балаңыздың аруағы сіздің аруағыңыздан басым көрінеді",-дейді. "Ей, тентек қатын, есігімдегі жалшының аруағы неғып менен артық болады",-деп хан шамданады. Ханым: "Ендеше сіз байқамай жүр екенсіз". Едіге: "Аллаң жар болсын" деп кіріп келгенде қашанда сіз селк ете түсесіз, сескенетініңізді өзіңіз де білмейсіз. Егерде менің сөзіме иланбасаңыз: киіміңіздің етегін кілемге тебен инемен түйреп қояйын, сол уақытта селк ететініңіз мәлім болар",-дейді. Ханым ханның етегіне тебен ине түйрейді. Сол уақытта Едіге: "Алла жар болсын" деп есіктен кіріп келгенде, хан селк ете түседі, тебен ине ортасынан шорт сынып, аспанға ұшады. Ханым: "Енді білдіңіз бе аруағының зорын?!"-деп ханға қарайды. Читать дальше...
|