Балаби қартайған шағында халқын жиып: Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не?-деп, төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Балаби өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен: Жерден ауыр дегенім-ақыл, білім. Судан терең дегенім-оқу, ғылым. Оттан ыстық дегенім-фани жалған, адамның өмірі. Көктен биік дегенім-тәкәббардың көңілі. Қ. Сәулебаев
|