Күнге қақталмаңыздар. Әжім де, дақ та, тері рагі де күннің әсерінен пайда болады. Көлеңке, қалтарыс пайдалы. Қыста да бас киім киіп, бетті көлегейлеген жөн.Бетті дымқылдандыратын кремдерді кешке жатар алдында жағып алыңыз.Теріге қажетті табиғи майды шайып жіберетін ыстық суды пайдаланбаңыз. Бет жуғанда салқын немесе жылы суды қолданыңыз. Жиі жуған жөн. Ваннадан, әлде душтан шыққан соң 15 минөттен кейін крем жағып қойыңыз. Тұзды, көбікті ваннаға әуес болмаңыз, теріңізді құрғатып жібереді.
|