Әнші қарындасқа (Данагүлге)
Тағдырдың жолы сан-сала,Талайсыз сәті қаншама,Сарсаңға сені салса да,Арманның шыңын аңса да,Шаршама, ботам, шаршама!Талаптан дарын туындар,Бағыңды сынап көр, қане,Өнерпаз болып туу бар,Өнерде қалу бар және.Талғантып мұңы, шаттығы,Арналсын әнің халқыңа.Жалау ғып жанның пәктігін,Талпына бергін, талпына!Өмірдің сырын түсінбей,Жанарға кіреуке тұнғанда,Еңсеңді, ботам, түсірмей,Шыңдарға қара, шыңдарға!Желбірегендей шыңнан ту,Биіктен көрін, асқақта.Астана жүріп арман қу,Жабасақ үнін тоқтатпа.Кездесер сай да, дөңес те,Шектеусіз енді тәмам жол.Жүрсең де қандай белесте,Айналайын, аман бол!Сәндібек Жұбаниязов, Алматы қаласы
|