1. Жағаласпай жан қалмақ қайда, төбелесте жаныңнан айырылма. 2. Не-шындық, не-сұмдық, жау тисе де ақылыңнан айырылма. 3. Еркесіз ел, серкесіз отар болмас, ел бастаушы көсеміңнен айырылма. 4. Тіл-кесілмес атқан оқ, дау туса да шешеніңнен айрылма. 5. Арсыз мың арықтап, мың семіреді, жаныңды алса да сырыңнан айырылма. 6. Өзіңді зор, басқаны осал деме, көппен көрерсің, еліңнен айырылма. 7. Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма. 8. Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың-малыңнан айырылма. 9. Ағайын-туыс, дос-жарансыз кім бар, болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма. 10.Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң- қосыңнан айырылма. 11.Пенденің жан серігі-бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма. 12.Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма. Адам күні адаммен оңалмақ, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең-дағы қайғырма. ("Керек кеңестер" № 5, 2011ж)
|