Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Жуықта Ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмыстан шығып бара жатқан сәтімде куәгер болуымды сұрады. Мен қарсылық білдірген жоқпын. Ал жалпы менің бұл жағдайда куәгерліктен бас тартуыма құқығым бар ма? (Жарқын)
Жауап: Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 86 бабына сәйкес Қылмыстық iзге түсу органы ҚР ҚІЖК-де көзделген жағдайда тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адамдар куәгерлер болып табылады. Олар өздерiнiң қатысуымен болып жатқан iс-әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi, iске мүдделi емес және қылмыстық iзге түсу органдарына тәуелсiз кәмелеттiк жастағы азаматтар ғана куәгерлер бола алады. Тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге кемiнде екi куәгер қатысады.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Менің мынадай сұрағым бар, жазғы демалыста санаторийдегі менің бөлмемнен заттар жоғалған болатын. «Санаторий әкімшілігі заттардың сақталуына жауапты емес» деген демалыс орнының корпустары бойынша ілінген ескертпеге сілтеме жасап, демалыс орнының әкімшілігі маған бұл заттардың құнын төлеуден бас тартты. Олардың іс-әрекеттері заңды ма? (Карина)
Жауап: Жоқ, олардың іс-әрекеттері заңға қайшы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 789 бабына сәйкес, демалушының санаторийге енгізген ақшасын, өзге де валюталық құндылықтары мен бағалы қағаздарын қоспағанда, жоғалу мен бүлiну дүлей күштiң, заттың өз ерекшелiктерi салдарынан не тұратын адамның өзiнiң, оның қасында жүргендердiң немесе
...
Толығымен (Подробнее)»
| |