Малайсарының аулы төменгі Топайлы қаласының аузында екен. Сырым ауылына келгенде қарт азғантай қойының алдында жүр екен.-Аға кім болдыңыз?-деп сұрапты.Малайсары:-Шырағым, кім болайық, осы жердегі аз үй танамыз-дағы,-депті. Сонда Сырым:-Тананың қайсысың? Жеті үй-Жиенбекпісің? Бес үй Бессарымысың? Тышқан құлақ-Асанбысың? Төлеуден алған Құнанбысың?-дегенде, Малайсары:-Шырағым, Тананың пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың? Мен де сені танып тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген, бір қу аяқ баласы атқа мінді деп естіп едім. Сен сол бала боларсың! Сонда Сырым: -Бәлі аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған шалы деп күлкі қылайын, сөзден ұтылсам, ат мінгі
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Дүниеге кімдер келіп, кім кетпеген, Табиғат-түбі терең қол жетпеген. Өтерін өмірінің біле тұрып, Маңдайын пенде бар ма терлетпеген? Баз біреу көп ақылға ие болып, Жұмысын ешбір жанға жөндетпеген. Баз біреу мал базарын мақсат етіп, Ауруын ауамдықтың (надандық) емдетпеген. Ақылдың ауырлығы қорғасындай, Көңілді бұзық іске өрлетпеген. Тынық бол тыпыршымай, есің болса. Қаңтардың шуағындай желдетпеген. Лұқпандай мың жыл өмір сүре-дағы, Ақыры өлім кімді еңіретпеген.
| |