Воскресенье, 07.12.2025, 07:57
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Январь » 09
Заманың түлкі болса,
Тазы боп шал.

Жасы бір құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Заманына қарай амалы.

Заманына қарай күлкісі,
Тауына қарай түлкісі.

Келме кезек, терме тезек.

Адамды заманы билейді.

Заманың қалай болса,
Бөркіңді солай ки.

Заманы бірдің амалы бір.

Барар жерің Балқан тау,
Ол да біздің көрген тау.

Балапан басына
Тұрымтай тұсына.


Источник фото: ИНФО KZ
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1052 | Добавил: модератор | Дата: 09.01.2011

Мерзімді баспасөзде, әсерлеп, бейнелеп сөйлейтін сөз саптасында мақтаның "ақ алтын", мұнайдың "қара алтын" деп аталатынын білеміз. Бұл бейнелі атаулардың бір ұшы алғашқы бесжылдықтар кезіндегі "көмір-өнеркәсіптің наны" деген жаттанды сөзге барып тірелетін болар. Ал шынында осы "алтындардың" дүниежүзілік нарықтағы бағалары қандай арақатынаста екенін екінің бірі біле бермес. Сол тұрғыдан айтқанда, дүниежүзілік нарықта "ақ алтын" дейтін мақтаның бір тоннасының бағасы мың-мың екі жүз доллар шамасында. Мақтаның бір тоннасы тоғыз-он тонна мұнайдың бағасына тең екенін білгеннен соң, "ақ алтынның" "қара алтыннан" он есе қымбат екеніне көзіміз жетеді.
Ал "сары алтын" деп атап, нақты алтынның өзін айтсақ, оның әр елдегі бағалары әр түрлі. Осы әр елдегі бағалар Лондон биржасында күнбе-күн тіркеліп, ортақ бір қорытынды баға шығарыл ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1139 | Добавил: модератор | Дата: 09.01.2011

Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай.

Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр,
Жүрер жолдан тал түске адасып-ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай.
Жамандар-өтірікші, өсегі-көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай…
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 2744 | Добавил: модератор | Дата: 09.01.2011

Адамның жеке басының күтім-бабына қажет зат-бұйымдардың барлығы дерлік Батыстан талай ғасыр ілгері дамыған Шығыста шыққаны белгілі. Күннен көлеңке, жауын-шашыннан пана болатын қолшатыр ұстау Шығыс елдерінде мыңдаған жылдар бұрын әдетке айналған. Қолшатыр ұстау тектіліктің белгісі деп саналған. Египет перғауындары әдетте қолшатыр астында отырған күйінде бейнеленеді.  Қытайда төрт "қабатты" қолшатырларды патша әулеті ғана пайдаланатын болған. Қолшатырлар алтынмен әдіптеліп, күміспен көмкеріліп, оған асыл тастар таққан, гүл, тіпті қауырсын, үкі тағып та әдеміленген.
Европаға анағұрлым бертінде бірнеше ғасыр ғана бұрын әкелінген қолшатырлар негізінен жауын-шашында пайданылған. Мұнда алғашқы қолшатырлар былғарыдан тігіліп өте ауыр болғандықтан қызметшілер-күтушілер ұстап жүретін болған. Он сегізінші ғасырдан бастап көлеңк ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1150 | Добавил: модератор | Дата: 09.01.2011

Кофе ішкен денсаулыққа пайдалы емес, әсіресе жүрекке зиянды әсері бар деген пікірлерді естиміз. Бұл орайда медиктердің өздері де бір-біріне кереғар пікір айтады. Біреулері бұл сусын жүрекке, жүйкеге, бәлкім, басқа да органдарға зиян десе, енді біреулері мұның бәрін теріске саяды.
Химиялық құрамы және сергітетін әсері жөнінде кофенің құрамындағы басты зат-кофеин жақсы зерттелген. Ол ең алдымен адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Мидағы қан тамырлары тарылып, қан қысымы уақытша артады.
Дені сау адамға кофенің зияны жоқ, ал гипониктер-қан қысымы адамдар үшін кофе ішіп тұрған дұрыста. Бұған қоса, үнемі ішіп жүрсе, организм оған бейімделіп, қан қысымы енді көтерілмейтін болады. АҚШ-тағы Гарвард денсаулық сақтау институтында ең бертінде жүргізілген зерттеулер кофе ішу мен инфаркттың  не инсульттың арасында байланыс жоқ екенін көрсетті. Зерттеуле ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 2019 | Добавил: модератор | Дата: 09.01.2011

Адамда өз қателіктерінен басқа қанымен келген күнәлары болуы да мүмкін. Ол-адамның күнәсі өзінен артылып балаларына, одан олардың балаларына өтіп, соның есебінен ата-ананың күнәсі өз ұрпағына да зиянын тигізеді деген сөз. Сондықтан, күнә жасар алдында кісі өзін ғана емес, ұрпағын да ойлаған жөн.
Адам Тәңіріне көңілі шындап бұрылып, өзінің еткен әрекеттері үшін кешірім өтінгенде, оның жаны мен тәнінде таң қаларлық өзгерістер болады. Адам өзінің жетілмегенін Жаратушы алдында мойындағанда, өзгеруге, әлем кеңістігімен кірігуге Жаратушыдан керекті күш алады.
Тәңіріден кешірім сұрау дегеніміз істеген ағаттығыңа ұялып өзіңді мүжу, сөгу немесе өкіну емес. Ол-арылу, өзіңді өзгертуге ұмтылу, бар ойды соған бағыттау, келешекке еш уақытта ол қателікті болдырмау.
Мырзагелді Кемел "Ақыл қалта", "Аударма баспасы, А., 2007ж., 131бет")
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 2397 | Добавил: модератор | Дата: 09.01.2011

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Январь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz