 Арғынның бір ақын қызы мен Жаппастың бір ақын жігіті айтысады. Қатты жаңбыр жауып тұрған күн болуы керек. Жігіт қыздың үйіне келеді. Екі қыз шапан қауып отыр екен. Қыз:Шекпенің жаңбыр жауған кепкен болар,Қатынын жаман еркек тепкен болар.Сақалын, мұртын қосып күзеп алсаңБалаға он бес жасар шекпен болар.Жігіт:Көрінер қос қарқараң мүйіздейін,Жоқ еді көп сақалым киіздейін.Басымды әбжыландай қайқайтайын,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.
Жақсы адам-елдің ырысы, Жақсы жер-жанның тынысы.
Бір кісі мың кісіге олжа салар.
Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында.
Ақ жүрген адам азбас.
Қошқар болар қозының Маңдай жағы дөң келер, Адам болар баланың Етек-жеңі кең келер.
Адам болатын бала Алысқа қарайды.
Адам жүрген жермен адам жүреді, Біреу білмегенді, біреу біледі.
Аты-тоны бар кісіде, Әзіретәлінің күші бар. Жалғасы бар…
|
Ертеде бір қолынан іс келмейтін олақ адам бар екен. Сонысына қарамастан ол оны-мұныны істеуге әуес болыпты. Бір күні әлгі олақ өткір шотпен ағаш шауып отыр екен, қасынан өтіп бара жатқан бөгде біреу оқыс бұрылып, бірден шотқа жармасып: -Бұл менің әкемнің шоты, сен мұны қайдан алдың?-деп пәле салыпты. Олақ: -Бұл өз шотым!-деп өзеурейді. Ақыры бірін бірі жеңе алмай, қазыға жүгініске келеді. Даукес қазыға олақтың шотын да, шауып отырған ағашын да ала келген екен. -Тақсыр, бұл менің әкемнің шоты, оған дау болмасқа керек!-депті Даукес. -Оны қайдан білдің?-депті қазы. -Оны білгенім, әкемнің шоты шапқан сайын өрлейтін, міне мына шотта дәл сол қасиет бар екен?-деп әр жері қиқа-жиқа болған ағашты көрсетіпті. Сөзден жеңілген қазы шотты Даукеске бергізіпті.
| |