Воскресенье, 07.12.2025, 08:55
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 13
Гостей: 13
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Январь » 26
Сұрақ: 9 сыныптан кейін колледжге түсу кезінде жетімдерге қандай да бір жеңілдіктер көзделген бе? Тегін оқуыма құқығым бар ма? (Ильяс).

Жауап: 27 шілде 2007 жылғы Қазақстан Республикасының  «Білім  туралы» Заңына сәйкес мемлекет тегін мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуын, сондай-ақ егер азамат осы деңгейлердің әр қайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес тек конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.

Жетім – балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар үшін  білім беру ұйымдарына  түсу кезінде   бекітілген мемлекеттік тапсырыстың  жалпы көлемінен ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1285 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2011

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Менде мынадай  сұрағым   бар, мүгедек-баланы күткен адамдарға қандай  әлеуметтік  төлемдер бар? Алдын ала рахмет! (Аружан)

Жауап: Отбасын бекіту мен мүгедек-балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, 2009 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
жекеленген азаматтар категорияларына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде» Заңы қабылданған болатын, оған сәйкес,  2010 жылдан бастап 18 жасқа дейін мүгедек-балаларды  тәрбиелеуші тұлғаларға, минималды жалақы  (15 999 тенге) мөлшеріндегі жаңа жәрдемақы енгізілді.


... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1018 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2011

Бір сараң үйінде нанға бал жағып, жеп отырады. Үстіне бір танысы кіріп келеді.
Сараң нанды жасырып, балды жасырып үлгермейді. Құр балды жей бермес деп ойлап, келген танысына:
-Бал жей отыр,-дейді.
Ол балды нансыз-ақ асап жей береді. Барлығын жеп қояды деп сараңның зәресі ұшып шыдай алмай:
-Балды көп жей берме, жүрегіңді ауыртады,-дейді.
Танысы сараңның ниетін түсініп:
-Сенің жүрегіңді ауыртпаса, менің жүрегімді ауыртпайды!-депті.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 884 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2011

Бұл кезекте буынды тазарту жолдары айтылады. Оны жасамаңыз да ойыңызда жүргені пайдалы.
Мұндайда осыдан бұрын бірнеше рет ескертілгендей өздеріңіздің дәрігерлеріңізбен ақылдасып отыру қажет.
Буынды тазарту.
Тазарту кезінде тұздар белсенді түрде еріп, жиі-жиі зәр келеді және оның түсі қызғылт түске енеді. Бірінші процедурадан кейін екі апта өткенде сізді мазалаған аурулар басылып, буыныңыз иілгіш қалыпқа түседі.
5 грамм лавр  жапырағын майдалап 300 миллилитр суға салады да оны 5 минут қайнатады. Одан соң бұл қайнатпаны термосқа құйып 4-5 сағаттай сақтайды. Оны құйып алып әр 12 минут сайын бір шай қасықтан ұрттай отырып 12 сағат ішінде тауысу керек. Егер бұдан көп мөлшерде ішіп қойсаңыз қан кетуі мүмкін. Бұл процедура үш күн қатарынан қайталанады да бір апта үзіліс жасайсыз. Мұнан соң тағы да үш күн қатарынан қайталайсыз. Бірінші жылы тоқтасына бір рет, одан соң әр жылы бір реттен жасаса жетеді. Процедура кезінде ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1296 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2011

Ел арасында болғанда үлкендердің кішілерге "күні ертең өздеріңе де керек болады, сонда қалай екенін білмей тұрсаң ұят емес пе, жинас мына үйді" деген сөздерін естігендер табылар. Ендеше мамандардың осы жөніндегі пікірлеріне ден қойыңыздар.
Үй жинаудың екі түрі бар: күнделікті жинау және үй ішін түгелдей тазартып, жинау.
Үйді күнделікті жинағанда былай ету қажет: таңертең желдеткішті, ауа райы жақсы болса, терезені ашып қою керек. Терезе алдына немесе желдеткіші ашылған терезенің тұсындағы орындыққа төсек-орынды қояды. Сулы шүберекпен жылтырланбаған, сырланбаған мебельдерді, есікті, терезе әйнегін жақтауларын, батареяларды сүртеді. Жылтырланған немесе сырланған мебельдерді түкті жұмсақ шүберекпен сүртуге болады. Одан соң қол орамалды, дастарханды қағып, төсек-орынды жинайды. Содан кейін щетканың басына оралған сулы шүберекпен еденді сүртеді. Еденді сулы ш ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1156 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2011

Аяма қолда барды адамыңа,
Ол сенің жол ашады қадамыңа,
Адамның адамшылдық айырмасы,
Бір іспен ат қалдыру заманына.

Күн шығар, қырау кебер, гүл ашылар,
Бәсеңдеп бірте-бірте жел басылар.
Серпіліп қара бұлт та, қайғы тарап,
Жарқырап шат өмірге нұр шашырар.

Белес-белес белдерден жел еседі,
Егіз туған қозы, лақ тел өседі.
Танымайтын кісідей жуаспасақ
Сыртымыздан көрген жан не деседі.

Тай мен құлын биеге жарасады,
Жалғыз қалған жапанда адасады.
Шарапаты жақсының көпке ортақ,
Көру үшін әркімдер таласады.

Бір кезек, екі кезек, үшке шейін,
Қолыма қайшы алып іс кесейін.
Барында оралыңның ойна да күл
Ұйықтап жата бермей түске шейін.

О. Асқар
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 926 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2011

Көп тілде…
-Мен орыс, ағылшын, француз тілдерінде және басқа сабақтарда да еркін сөйлеп отырамын… (Әлгі тілдердің бәрін біледі екен деп қалмаңыздар).

"Күштінің" жолы
-Шырағым, сен мынаны айтшы, осындайлық біліміңмен жоғары оқу орнына қалай ғана түстің?
-Ақша болса, ақылдың қажеті жоқ!
-Ал ақша саған қалай келіп жүр?
-Ал менің күшім ше?…

Қуаныш
-Андрей, сен білесің бе, мен сенің әйеліңмен кездескен сайын соншама қатты қуанамын.
-Мұныңа не себеп?
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 933 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2011

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Январь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz