Сұрақ:
-Мен дәрігерге қаралып жүрген кісімін. Оларға "жүрегім қаға береді" дегенімде бірнеше дәрі-дәрмектер алуға рұқсаттарын жазды. Сол рецептер бойынша оларын дәріханалардан алып пайдаланып жүрмін.
Ал енді сіздерден сұрайын дегенім, ел ішінде мейіз де жүрекке пайдалы деседі. Осы жөнінде бір мағлұмат берсеңіздер.
Шәкен, Шемонаиха ауданы
Жауап:
-Дәрігерге қаралғаныңыз дұрыс… Енді мейіз жөнінде айтарымыз, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мамандардың және емделіп жүрген жерлестеріміздің өзіңіз жазғандай бір "мағлұматты" мынадай: сары мейіз (жүзім) жүрек шаншып ауырғанда пайдалы көрінеді, оны ет тартқыштан өткізіп, балға араластырады, күніне үш рет шай қасықпен жейді, жегенде адам сергіп қалатын секілді күйін өзі сезінеді деседі. Дәрігеріңізбен ақылдасып пайдаланып көріңіз.