Бір сөз айтсаң жақсыға, Аталы сөзге тоқтайды, Бір сөз айтсаң жаманға, Өмірінде ұқпайды. Надандықтың белгісі, Өзін-өзі мақтайды. Көкірегі соқырға Өмірде таң атпайды. Шешеннің сөзі шын асыл, Қап түбінде жатпайды.
Тон бітпеске тон бітсе, Қағуменен тоздырар. Жаман болса алғаны, Бір жігітті аздырар. Жақсыменен сөйлескен, Құмарыңды қандырар. Жаманменен сөйлессең, Көңіліңді қалдырар. Кез болсаңыз суайтқа, Өтірік айтып нандырар. Өсекшімен сөйлессең, Ұрмай-соқпай талдырар. Жолдас болсаң сараңмен, Жол үстінде қалдырар. Жаман болса достарың, Өзіңді жауға алдырар.
Жаман болса жақын жау, Шайпау болса қатын жау. Шабан болса атың жау. Тартыншақ болса түйең жау, Тебеген болса биең жау. Күнде келсе күйеу жау, Жымысқы болса жиен жау. Тіл алмаса ұлың жау, Арсыз болса қызың жау. Портрет: <
...
Толығымен (Подробнее)»
|
 Халқымыз үшін Жаңа жыл мейрамы наурыздың 22-сінде басталғанын бүгінде қалың жұртшылық жақсы біледі. Байырғы мереке бүгін мен ертеңге және үлкендер мен кішілерге өмірлеріне рухани азық боларлық ой салары анық. Осыған байланысты мына бір жәйіттерге назар аударылыңызды өтініп, Жанқұттының туындысын ұсынбақпыз.
Ай аттары Наурыз-хамал-март. Көкек-сәуір-апрель. Мамыр-зауза-май. Маусым-саратан-июнь. Шілде-әсет-июль. Тамыз-сүмбіле-август. Қыркүйек-мизан-сентябрь. Қазан-ақырап-октябрь. Қараша-қауыс-ноябрь. Желтоқсан-жәди-декабрь. Қаңтар-дәлу-январь. Ақпан-хұт-февраль.
Мүшел жас 1-мүшел-13 жас (ер жете бастау) 2-мүшел-25 жас (жігіттік шақ) 3-мүшел-37 жас (ақыл тоқтату) 4-мүшел-49 жа
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Көктемде сең жүреді астан-кестен, Бауырын ақ түйенің арқан тескен. Ұлыстың ұлы күні бас қосқанда Құрбыжан, өлеңінді айт қатар өскен.
Қарасу есік алды бойлағаным, Жалғанның қызығына тоймағаным. Кетер ме көмілсем де көкейімнен Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным.
Ұлы істің ұлы күні наурызда Дос түгіл татуласар жауыңыз да. Жер баптап, бұлақтардың көзін ашып, Көшет ек, бақша-бауыңызға.
Етегі Қаратаудың көктегенім, Үлкеннің алдын кесіп өтпегенмін, Ұлыстың ұлы күні таңдап тапқан, Өзіңнен асқан сұлу жоқ дер едім.
Қаратау жазда менің жайлағаным, Көгалға жылда бие байлағанмын. Ұлыстың ұлы күні кездесіп ек Сен болдың ала жаздай ойлағаным.
Саласы Қаратаудың күздегенім, Құрбыңның білші күдер үзбегенін. Ұлыстың ұлы күні танысып ек Сен болдың жиын-тойда іздегенім.
Қойнауы Қаратаудың қыстағаным,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді. Жантай тұрып: "Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға берген ақымды бер деп жүр",-дейді. Сонда жалшы тұрып: Мен жалға жүрдім Жантайға, Бір тай алмақ болып алты айға. Бұл асына жарытпады Мен күшіме жарытпадым, Содан барып төбелес туды, Жазым болып күрек тісі сынды. -Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен қуады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім,-деп сөзін аяқтапты. Бұл дауға Қазыбек мынандай билік айтыпты. -Ас адамның арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген, төбелестің шығуына да өзің себеп болғансың. Сондықтан мынаның ақысын бер, күрек тісің құнсыз. Еркектің ет ж
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Ертеде ел қыдырған саудагерлер қазақтан жалға үш түйе алыпты. Сөйтсе әлігінің екеуі жуас та, ал бірі бақырауық боп шығыпты. Әбден мазалары кетіп жүрген саудагерлер Тұрлымбетке кезіккенде:-Ай, қазақ, мына түйе неге бақыра береді, тілін білесің бе?-деді.-Білемін,-дейді Тұрлымбет.-Білсең айтшы, бір шапан берейін,-дейді саудагер. Сонда Тұрлымбет:Аш иттей қыдырған сен бір кезбе,Үстіме таудай қылып арттың бөзді.Тынысымды алдырмай жүргізесің,Тұра қалсам ұрасың басқа, көзге.Құтылсам осы қудан, уа құдайым,Шалқақтап жүрер едім жапан
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Қызымның құлағына алтын сырға.
Ұлық болсаң кішік бол.
Тауындағы түлкіні Табындағы таза алады.
Тауда туған құлынның, Екі көзі таста болар; Ашаршылықта туған баланың, Екі көзі аста болар.
Бір елі ауызға, екі елі қақпақ. Ғалым алдында аузыңды тый.
Қайтып кірер есікті, қатты жаппа.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Өтірікші алдымен өзін алдар.
Тек жүрсең, тоқ жүрерсің.
Алдыңғы арба қайдан жүрсе, Соңғы арба сонан жүрер.
Ел алғысын алсаң, Елеулісі боларсың.
Ұлың өссе, Ұлықтымен ауыл бол. Қызың өссе, Қылықтымен ауыл бол.
Әдет-әдет емес, жөн-әдет.
Тең теңімен-тезек қабымен. Жалғасы бар…
|
Күренот-Кипрей узколистный Қабыршөп-Барвинок малый Қазанақ-Багульник болотный Қазжуа-Гусиный лук желтый Қазоты-Окопник лекарственный Қазтабан-Лапчатка гусиная Қазтамақ-Герань луговая Қалақай-Крапива двудомная Қалампыр-Гвоздика травянка Қалтагүл-Калужница болотная Қандалашөп-Клопогон даурский Қандыағаш-Ольха Қараалқа-Паслен черный Қараандыз-Девясил высокий Қарағаш-Вяз гладкий Қаражидек-Черника Қаражусан-Полынь обыкновенная Қара қарақат-Черная смородина Қараматау-Камфоросма марсельская Қарамық-Гречиха посевная Қарамықша-Куколь обыкновенный Қаратамыр-Чернокорень лекарственная Қара терек-Тополь черный Қарбыз-Арбуз съедобный Қарғакөз-Вороний глаз Қарғатұяқ-Резак обыкновенный Қартажоңышқа-Лапчатка прямостоящая Қау-Ковыль перистый Қияқшөп-Хондрилла ситниковидная Қияршөп-Бурачник лекарственный Қоға-Рогоз широколистный
...
Толығымен (Подробнее)»
|
В древности все народы мира отмечали Новый год в марте. "История говорит о том, что Древняя Греция, Древний Рим, Великобритания до 18 века, и Древняя Русь до 1700 года отмечали Новый год именно в марте", - это слова нашего президента. Назарбаев напомнил, что на Востоке в день этого праздника полагается говорить о "хорошем и добром, быть оптимистичным и веселым", это "праздник всепрощения и доверия, он очень необходим для многонационального Казахстана". Наурыз имеется в календаре народов Индии, Ирака, Афганистана, Ирана, Средней Азии и Казахстана. В древности этот праздник назвался ""Улыс" - это был Новый год степных кочевников.
Первый день 22 (9) марта - "Улыстын улы куни" (Великий день Улыса) всегда являлся грандиозным, насыщенным по объему праздником. Наступление Нового года совпадало для кочевника с периодом окончания окота скота и днем Великого равноденствия. По мифологии в ночь с 21 на 22 марта землю
...
Толығымен (Подробнее)»
| |