Бір қоңылтақ шаруа кісінің әйелі аса салақ, әрі олақ екен. Сондықтан, олар бала-шағаларымен әрдайым жалба-жұлба болып, кір киім киіп, қалай болса солай жүре береді. Бірақ, бұған ауыл тұрғындарының көзі үйреніп кеткендіктен ескермейді екен. Тек, бірде көрші ауылдан келген көлденең кісі көріп:
-Апыр-ай, ақсақал, жеңіңіз жалбырап тұр екен. Түймелеріңнің біреуі ғана қалыпты, әйеліңіз жоқ па еді?-дейді.
Сонда ана кісі жымиып:
-Әй, шырақ-ай! Әйел бар болғыр менде жоқ, тек балаларымның шешесі ғана бар,-деп жауап беріпті.