Гүлді өткір пышақпен қиғаштай кесіп, оның сабағын суға қандыру үшін қолма қол суға салу керек. Гүлді вазаға салар бұрын сабақтың төменгі жағындағы жапырақтарды алып тастайды, өйткені олар суда тез шіриді де, гүлді солдырады. Сүт шырына бар өсімдікті, шырыны қатып, өсімдіктің су алатын жолын жауып тастамас үшін жылы суға салады. Ағаш тектес өсімдіктердің сабағының (гортензия, сирень, хризантема т.с.) төменгі жағын кішкене тарамдап салса, суды жоғарыға жақсы тартады. Гүлдердің сабағын күн сайын кесіп отыру керек, өйткені су жүретін жолда бітеліп қалады. Вазадағы суды күн сайын жаңартып отырады, жылы күндерде одан да жиі жаңартады.
|
Үйде желімді (клей) оншама көп пайдалана бермейді. Желім салған шынының аузын ашып қойсаңыз, біраз уақыт өтпей-ақ желім кеуіп қалады. Ал желімді айлар бойы тұрса да кеппейтін етуге болады. Ол үшін ескі резина емізікті шынының аузына кигізу керек. Желім қағазға емізік арқылы ағады. Сонан соң мұның тесігіне бір тамшы желім қатады да, шынының аузын ауа кірместей етіп бекітіп тастайды, сөйтіп желімді кеуіп қалудан сақтайды. Желім керек болған кезде емізікті аузындағы қатқан желімді қолыңызбен шұқып алып тастайсыз.
|
Үй шаруашылығында, мысалы, лактанған мебель, паркетті еден сияқты дымқыл шүберекпен сүртуге болмайтын заттар бар, ал құрғақ шүберекпен сүртсе, пайдасы жоқ, шаң болып қалады. Мұндай жағдайда шүберекті 10 пайыз (процент) глицерин қосылған жылы суға малып қою керек. Бірнеше минуттай кептіреді, шүберек құрғақ сияқты көрінгенмен шаң-тозаңды жақсы сүртеді.
|
Ескелді, Балпық, Жолбарыс, Орақты әрі батыр, би-шешен, әрі әулие, аруақты кісілер болған. ("Жерұйық", 8 қазан 1992 ж) газетінде мынандай бір аңыз жарияланады. "1939 жылы кәрістер жер аударылып келгенде отын-судан тапшылық көріпті. Күндердің күнінде бір кәріс атаның зиратынан шеңгел орып жүреді. Соны көрген жергілікті қазақтың бірі "әй, бауырым, қасиетті бейітке жолама, киесі ұрады" деп ескертеді. Кәріс бой бермепті. -Тоңып өлетін болдық қой,-деп шеңгелмен қоса ата зиратының кебу ағаштарын да арқалап үйіне алып кетеді. Сол күні зират ағашымен бойы жылынған кәріс тоғыз баласымен қоса үй-ішімен опат болыпты.Содан кейін кәрістің қариялары атаның басына барып молдаға құран оқытып, аруағына сиыныпты,-дейді.
| |