Келін мен балалар серуендеп далаға шығып кеткен. Мен үйде жалғыз өзім қарқ болып күліп отырмын. Мұның себебі де жоқ емес. Жаңа оларды мектеп жанында кездестірген қызым Ләйлә үш жарым жастағы немерем Ибрагиммен сөйлескен екен. Сонда: «бұрын қолыңда ақ фотоаппарат жүруші еді, ол қайда?» дейді ғой. Бұған берген құлыншағымның жауабын қараңыз: «Папам жұмыста Сергей Николаевичке берген екен, сол қолынан түсіріп сындырып алыпты»,-дейді. Қиял қайда жатыр. Аракідік естіген әңгімеден әкесінің жұмыстағы әріптесінің өңі түгіл түсінде көрмеген атын қалай жадында сақтап қалған?!..Олар қыдырып үйге қірді. Қызымның сұрағын енді мен қойдым. Қателеспей дұрыс жауап берді:-Папамның жұмысындағы Сергей Николаевич сындырып алыпты,-деді. Күлмейді. Өзінің сындырып алғанында шаруа жоқ...Бәрінен де күлмегені қызық болды. Оған біз тағы қа
...
Толығымен (Подробнее)»
| |