Ертеде бір кісі ауылдың сыртына келіп, кездескен жігіттерден маған қонақасыны тәуір беретін үйді сілтеңдерші дейді. Қу жігіттер шетте тұрған ақ үйді нұсқап:-Анау үйдің жақында қадірлі кемпірі өлген, соған барып құран оқыңыз. Құран оқыған кісіге олар қазан асып, бар сый-сипатын жасайды,-дейді.Жолаушы әлгі үйге кіріп келеді де, елдің баяғыдан келе жатқан салты бойынша, амандаспастан, төрге шығып отырады да, заулатып құран оқи бастайды. Үй иесі ашуланып:-Өй, өз басыңа көрінгір, қайдағыны қайдан шығарып отырсың,-деп таяқ ала жүгіріпті.Ана жігіттердің қулықпен әдейі алдап жібергенін біледі де, құранды қоя салып, үй иесіне:-Е, сен өлгенде қолым тие ме, тимей ме деп алдын ала оқып тұрғаным ғой,-дейді.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |