Рамазанда Жаратқанның құлдары жаппай ораза ұстайды. Ораза-тек ішім-жемге ауыз бекіту емес, Ұлы Құдірет разы болмайтын барша істерден тыйылып, күллі жаман ойлардан арылу. Сондықтан, бұл айда мұсылман баласы жүрек түкпіріне түрлі арам ойлардың уақытша ұялауына да жол бермей, нәпсімен айқаста күндей күркіреп, найзағайдай жарқылдайды. Барша дене мүшелеріндегі жағымсыз қылықтар мен әрекеттерге кісен салып бағады. Бұл ойда оның көзі тек ақиқатқа ғана ашылып, құлағы тек жақсы насихатты ғана тыңдайды. Тілі бос сөздерге күрмеледі де, жақұт-маржан жақсы сөздерге ағытылады. Қол тек адал ұстап, аяғы тек сауап іздеп, жақсылыққа жүгіреді. Мұндай жандардың жанында әр дайым Хақ елшісінің (саллаһу алейһи уә сәлләм): «Кімде-кім жалған сөйлеуін қоймаса, Аллаһ Тағала ондай адамның тек ауыз бекіткеніне мұқтаж емес» деген салмақты ескертулері жаңғырып тұрады. Ораза-мұсылман үшін сабыр мектебі. Сондықтан Жаратқанның құлдары бұл айда әдеп білмес пен
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Жақсы жалынсаң кешер, Асыл жанысаң өтер.
Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
Жақсыда кек жоқ, Кектіде тек жоқ.
Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас.
Жақсының жаны жаннет.
Жақсы адам жолдасынан белгілі.
Жақсы ат жолға серік, Жақсы ит малға серік.
Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай. Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.
Жақсы-ай мен күндей, Әлімге бірдей.
Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ.
Жақсы кісі қартайса да, Ақылынан танбас.
|
Құдай-ау, айналайын, несібе бер, Күлген мен ойлағанды кешіре көр. Күнәміз таудан үлкен, тастан қатты, Су сеуіп, тозақ отын өшіре гөр!
Қақ жарған қара қылды хан да болмас, Бүгінгі ойлағаның таңда болмас. Басқаның бір алладан бәрі қисық, Күнәсіз көңілі дүзу пенде болмас.
Ынсапсыз жиған мүлік қараң дейді, Төрт қыз ит болады екен сараң дейді. Ұқсаңдар дін мұсылман ата жолын, Арақ пен темекіні харам дейді.
Міндім де сапар шектім теңбіл көкті, Жаңғыртар салған әнім зеңгір көкті. Пенденің алласына айтары жоқ, «Басыма не жазсаң да көндім»,-депті.
Өлеңім қаптап жатқан қалың қойдай, Жалғанның қызығына жүрміз тоймай. Алдан ажал жетіп, уақыт бітсе, Әкетер аманатын, бір күн қоймай.
Ауылым бүгін желді Қара ағашта, Барамыз одан көшіп Жалаңашқа. Періште екі иықта жазып отыр, Құдай-ау, не саласың ғазиз басқа?
Атыңнан айналайын, хақ пайғамбар, Алладан әмір келсе, тіл байланар
...
Толығымен (Подробнее)»
| |