Әдетте ұнамсыз қасиеттер иелерінен қайырымдылық күту әбестік секілді. Осыған орай К. Өрісбаевтың «Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер» деген кітабындағы жазбалар кім-кімге де ой салары анық. Адамдардың бет-пердесін тану, ондай жандардан аулақ жүру кімге де үлкен олжа екенін ескере жүру қажет дер едік.-Кейбір адамдардың мінез-құлықтарында жағымсыз қасиеттер болады. Мысалы, біреуді-біреу көре алмаушылық, іштарлық, екіжүзділік, тәкаппарлық, жағымпаздық, пайдакүнемдік, қызғанушылық, өзімшілдік, жемқорлық, жалақорлық, бұзақылық және т.б. Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық-атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтылар едім»-депті. Атаққұмарлық пен мансапқорлық атақ пен даңққа және мансапқа қызыққыш, айлакер, өркөкіректеу және өзімшіл болып келеді. Ондай адамдардың алдарына қойған басты мақсаты-шен-шекпенге, сый-құрметк
...
Толығымен (Подробнее)»
| |