Қарашаш өліп, Жиренше қартайып, ақылсыз әйел, парықсыз бала сыйламай, Жиреншеге бұзау баққызып, тезек тергізіп қояды. Көріскелі келген әз Жәнібек Жиреншеге далада кездесіп:Уа, шешенім, тезек теріп жүргенің қалай?- дейді. Сонда Жиренше шешен іркілместен: Қатын шайпау, ұл тентек, Екеуледі, ей ханым! Кәрілік жеңді, мал тайды, Төртеуледі, ей ханым! Басымнан бақтың тайғанын Көрмейсің бе, ей ханым! Арқамдағы қу тезек, Әркімге келер бір кезек,-депті.
| |