Мұхаммед пайғамбардың хадистеріне ой көзін салыңыздар:-Кімде-кім өз ісін ойлап-пішіп, төзімділікпен атқарса, оның тілегі қабыл болады немесе соған жақындайды. Кімде-кім асықса-шатасады немесе соған жақындайды.-Сіздің бойыңызда Алла тағала сүйетін екі нәрсе бар, олар әрбір істегі жұмсақтық (көнгіштік) және төзімділік.-Кімде-кім өз ашуын баса білсе, Алла оған деген өз жазасын қайтып алады. Егер кімде-кім тіліне тиым салса, Алла тағала оның кемшілігін жасырады.-Алла тағаланың көмегі де мұқтаждыққа қарай беріледі. Қайғы қандай болса, соған лайық төзім беріледі.-Егер кімде-кім басына түскен қайғыға төзімді болса, Алланың бергеніне риза болса, өзіне жамандық жасаған адамды кешірсе, өзі жасағандарына кешірім сұраса, ол жолдағы адам деп
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Римнің психология институттарының бірінде жасалған тәжірибеде баланың болашақтағы қызмет-мансабы 2-3 жасында-ақ қалыптасатыны айтылады. Дүние есігін ашқан сәттен бастап, сәбиіне еркіндікті, мейірім мен махаббатты мейлінше көп берген отбасының балалары қызметтік өсу жолында кедергіге аз ұшырайды. Өзіне деген сенімділігі мықты қалыптасқан бала кез-келген қиындықты мойымай көтеріп, алға ұмтыла береді. Ал керісінше, қатал тәрбие мен шектеулері көп отбасынан шыққан баланың өмірлік жолы да өте ауыр, тіпті кейде ішкілікке салынып, қаңғыбасқа айналатындары көп кездеседі. Осындай қорытындыға келген психолог мамандар әрбір баланың сенімділігін арттыру арқылы оның болашағына үлкен үлес қосатынымызды айтады. Осы ретте «Баланы бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бестен кейін досыңдай сырлас» деген қазақтың бала тәрбиесіндегі ұстанымы еріксіз ойға оралады.
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
964
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
24.06.2012
| |