Бұл жөнінде көп пікірлер бар. Біз құлақ тесу және оның маңыздылығы жайлы халық педагогикасын насихаттаушы ретінде танылған жазушы Зейнеп Ахметова сөзіне құлақ қойған жөн дейміз.-Қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күн-құлағын тесу. Құлағында сыңғырлаған сырғасы бар қазақ қыздары ерекше сұлу, ерекше әдемі.-Қыздың құлағын көп жағдайда жеті не тоғыз жаста тескен. Тоғыз жасты балиғатқа толған кез деп айтады екен, ал жеті-қазақ үшін қасиетті санның бірі.-Құлақ тесу-қыз баланы ісмерлікке, шеберлікке үйретудің басы. Сырғаны таққан қыз біртіндеп үй шаруасына араласа бастайды. Ұл баланы сүндетке отырғызған сияқты, қыздың құлағын тесу де ата-анаға парыз болып саналады. -Құлақ тесерде алдымен сырғалығының екі жағынан екі тарыны сәйкестендіре қойып, жанын кетіре уқалайды.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |